Өткізілген күні:

Қатысқандар: балабақша басшысы,балабақша әдіскері,қамқоршылық кеңесінің мүшелері.

Күн тәртібі:

1.Ас мәзірі ,тамақтануды ұйымдастыру,сапасына бақылау жасау.

2.«Қамқор жобасында аясында ,әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсету.

3.Балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайту

 

Бірінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңесінің мүшелері медбике Р.Нұрболатовамен бірге балабақша асханасына кіріп,азық-түліктің қоймасын, ондағы азық-түліктің сақталуын қадағалады. Асханадағы ас дайындайтын зоналармен, технологиясымен танысты.Астың дайындалу барысын,дайын астың топтарға таратылуы мен берілуін бақылады. Сол күнгі ас мәзіріне сәйкес дайын астың сапасын көрді.Балабақшаның жазғы-күз,қысқы-көктем 10 күндік ас мәзірімен калькуляциямен танысты. Сонымен қатар,салат,жемістердің бар екендігіне толығымен көз жеткізді. Барлық ас мәзіріндегі тағамдардың сапалық сертификаттары бар.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз пікірлерін білдірді.

Мұрат Жұлдыз Аманбекқызы - Балабақшаның асханасына кіріп бақылау жасау барысында астың өз деңгейінде дайындалатынын,азық-түліктің дұрыс сақталуына мән берілетіні көңілге қонымды. Балабақшаның тамақтану бойынша жұмысына қанағаттанамын, -деді. Қамқоршылық кеңесінің отырысын төраға Мұрат Жұлдыз Аманбекқызы  қорытындылады. Ол жалпы балабақшада балалардың тамақтануын ұйымдастыру және  науқастанудың алдын алу  бойынша жұмыстарға үлкен мән берілетінін, бұл өз кезегінде ата-аналар тарапынан ризашылығын білдіретіндігін айтты.

«Қамқор жобасында аясында, әлеуметтік көмекті қажет ететін төрт отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсетілді

Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып,төмендегідей шешім қабылданды:

1.Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру жұмыстары қанағаттанарлық деп есептелсін.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Мұрат Жұлдыз Аманбекқызы                            

Хатшы:  Алимбаева А.М