Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында балабақша қызметкерлерімен түсіндірме жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қызметтік әдепті сақтау және ашықтық қағидаларын ұстану мәселелері талқыланды. Қызметкерлерге адалдық пен әділдік қағидаларын сақтау, қызмет барысында жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Жиын соңында ұжым мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.







