Мектепалды тобының ата-аналарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңсыз ақша жинауға жол бермеу мақсатында түсіндірме жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында балабақшада ашықтық пен әділдікті сақтау, ата-аналардан түрлі мерекелік іс-шараларға, сыйлықтар мен басқа да қажеттіліктерге заңсыз қаржы жинауға тыйым салынатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтылып, әрбір азаматтың адалдық пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде ұстануы қажет екені атап өтілді. Жиналыс соңында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарына жауап алды.
Мақсат – балаларға адалдық, әділдік және сенім құндылықтарын қалыптастыратын таза әрі қауіпсіз орта құру.








