Жылдық жоспарға орай «Тәрбиеленушілердің интеллектуалдық, коммуникативтік-тілдік қарым- қатынасын дамыту, қабілеттерін арттыру» тақырыбында болды. Мақсаты : Балабақшада тәрбиеленушілердің коммуникативтік – тілдік қарым – қатынасын дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көру;
Күн тәртібінде өткен педкеңес шешімінің орындалуы туралы каралынды.
Балабақша педагогтары педагогикалық кеңесте алғаш болып балабақша әдіскері Ахметова А.Ж. балалардың біліктері мен дағдыларының дамуының аралық бақылау нәтижелері туралы атап өтті. Сонымен қатар балабақша тәрбиешілері А.М.Алимбаева , А.С.Бекназарова «Балалардың коммуникативтік қабілеттерінің дамуында театрландырылған әрекеттің рөлі» тақырыбында, А.Б.Нурсултанова, А.К.Арыстанғалиева «Артикуляциялық гимнастиканың дыбыстарды дұрыс айтудағы ролі» және «Дамытатын ойындар арқылы балалардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту», сонымен бірге педаготар «Коммуникативтілікті дамыту және командадамен жұмыс істей білуге арналған ойындар» тақырыбында А.И.Жумабекова, Г.Н.Имангалиева Г.Н. Мұқашева, А.О.Садық, Ж.Б.Утебай, С.С.Тулеуова, Д.Т.Түймалиева өз тәжірибелерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Балабақша музыка жетекшісі С.С. Сансызбаева музыкалық мәтінде және психолог А.Е. Жайық психологиялық көңілді тренинг өткізді. Педкеңес соңында меңгеруші А.Г.Уртамбаева педкеңесті қорытындылады.