№22 «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында іс-шара өткізілді Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында балабақша педагогтері мен қызметкерлері арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсінік беру, заң талаптарын сақтау, адалдық пен жауапкершілік қағидаларын насихаттау. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның негізгі түрлері мен алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, жеке мүдде мен қызметтік міндеттердің араласуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды








