Бұл құжат елімізде кітап оқуды насихаттауға, жастар арасында білімге деген құштарлықты арттыруға және зияткерлік әлеуетті нығайтуға бағытталған. Жаңа құжат аясында кітапханаларды жаңғырту, цифрлық кітап платформасын құру, ұлттық әдебиетті қолдау және жастар арасында кітап оқуды насихаттау жұмыстары күшейтіледі. Жарлық – сол бастамалардың заңды жалғасы іспетті. Бұл – кітапхана ісін жаңғыртуға, жас ұрпақтың кітапқа қызығушылығын арттыруға, отандық әдебиетті қолдауға және цифрлық оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатын маңызды шешім.
Кітап оқуды, кітапқа деген қызығушылықты, ертегілерді қызыға тыңдау,ауыз әдебиеттерін дамыту балабақша іргесінен басталады. Балабақшада осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, бүлдіршіндерге кітап оқуға қолайлы орта қалыптастыруды, жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттыру жұмыстарын жандандыру біздің басты мақсатымыз.








