"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№22 "Балдырған" бөбекжай - балабақшасы" МКҚК

Конституциялық реформаның ауқымы - мемлекетті жаңғыртудың институционалдық негізі

2026 жылғы Конституциялық реформа бойынша комиссия отырысында ұсынылған өзгерістер Қазақстан үшін тарихи маңызға ие. Ата Заң мәтінінің 84 пайызына түзету енгізілуі бұл реформаның үстірт емес, жүйелік сипатта екенін көрсетеді. Мұндай ауқымды жаңарту мемлекеттің басқару философиясын қайта қарауға бағытталған. Реформа қоғамда қалыптасқан жаңа сұраныстар мен заманауи сын-қатерлерге жауап береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге ерекше басымдық беріліп отыр. Конституцияның сапалық деңгейі құқықтық нақтылық арқылы артатыны анық байқалады. Бұл құқық қолдану тәжірибесінде екіұштылықты азайтады. Сонымен қатар жаңа бөлімдердің енгізілуі басқару жүйесінің логикасын жаңаша қалыптастырады. «Халық кеңесі» институтының пайда болуы қоғамдық диалогты жаңа деңгейге шығарады. Мемлекеттік биліктің ашықтығы күшейеді. Реформа эволюциялық жолмен жүзеге асырылып отыр. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Конституцияның жаңаруы мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырады. Жалпы алғанда, бұл -заманауи Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған саналы қадам. Мұндай реформалар мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына қызмет етеді.
Балабақша адіскері: Ахметова Ақтоты Жадырасынқызы