"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№22 "Балдырған" бөбекжай - балабақшасы" МКҚК

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ - ЖАҢА ҰРПАҚТЫҢ ТІРЕГІ

Еліміз тарихи кезеңге қадам басты. Жаңа Конституция жобасының жариялануы мемлекет дамуының жаңа парағын ашатын маңызды бастама. Бұл өзгерістердің өзегі адам, оның құқығы, білімі мен болашағы.

Әсіресе білім саласына қатысты жаңашылдықтар ерекше қуантады. Мемлекеттің негізгі құндылығы ретінде адами капиталдың мойындалуы ұлттың болашағы білімді ұрпақпен өлшенетінін айқын көрсетеді.

Цифрлық қоғам жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғау, жасанды интеллект дәуіріне бейімделу - уақыт талабына сай батыл шешімдер. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің зайырлы сипатының нақты бекітілуі мектептер мен жоғары оқу орындарының ғылым мен тәрбиенің сенімді тірегіне айналуын қамтамасыз етеді.

Зияткерлік еңбекті қорғау күшейтіліп, ғалымдар мен өнертапқыштардың шығармашылық ізденістеріне кең жол ашылуда. Бұл - ел дамуына қызмет ететін білім мен жаңашылдықтың бағалануы.

Біз бұл тарихи өзгерістерді толық қолдай отырып, келешекке нық сеніммен қадам басамыз. Жаңарған Конституция жарқын білім мен жаңа мүмкіндіктердің кепілі болсын!

Құрметпен, №22"Балдырған" бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Айгуль Галимеденовна